ҚР Ұлттық музейі және «Исаакиевский собор» Ресей мемлекеттік музейі әріптестік туралы меморандумға қол қойды

28.08.2014 10:00 1333

 

2014 жылдың 26 тамызында өткен Мемлекеттік «Исаакиевский собор» музей-ескерткішінің директоры Николай Буровтың ҚР Ұлттық музейіне сапары болды. Сапар кезінде екі мемлекеттің жетекші мұражайларының басшылары өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

 «Исаакиевский собор» - көпшілікке кеңінен танылған бүкілресейлік мәдениет орталығы, көпатқарымды музей мекемесі. Бұл шетелдерге аса танымал болған Ресейдің ең маңызды көркем өнер музейлерінің бірі.

Дархан Мыңбай мен Николай Буров мәдени мұраларды сақтау, зерттеу және көпшілікке тарату, сол сияқты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды тереңдету бағытында ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық қызметі, кеңес беру және ғылыми ақпараттар, құжаттар, әдебиеттер алмасу, сонымен қатар жекелеген экспонаттар мен топтамалардың көшірмелерін жасауға мүмкіндік беру, көрмелер ұйымдастыру, ғалымдар мен мамандар алмасу, қызметкерлердің біліктілігін көтеру мақсатында машықтану курстарын ұйымдастыруға өзара келісті.

 Еске салсақ, «Исаакиевский собор» - ҚР Ұлттық музейімен ынтымақтастық шартын жасасқан ресейлік үшінші музей. Бұған дейін Ресей этнографиялық музейі мен  «РОСИЗО» Мемлекеттік музей-көрме орталығымен әріптестік туралы келісімдерге қол қойылған болатын.

по материалам: www.mk.gov.kz