Санкт-Петербург қаласында қыркүйек айының 9-12 аралығында «Мұражай және билік» атты Халықаралық Конференция өтеді

09.09.2014 18:48 1741

 «Мұражай және билік» конференциясы халықаралық контекст пен тәртіпаралық сипаттағы өзекті тақырыпты өз алдына бірегейлігі мен біріктіреді. Санкт-Петербургте Германия, АҚШ, Ресей, Бельгия, Қытай, Канада, Ұлыбритания, Франция, Норвегия, Оңтүстік Африка, Сауд Арабиясы, Қазақстан және өзге көптеген елдерден келген сарапшылар жиналады.


Конференцияны жүргізетін Ресей Халықаралық Мұражай Кеңесінің Президенті, Ресей Федерациясы Президентінің мәдениет және өнер істері бойынша кеңесшісі – Толстой Владимир Ильич. Конференцияның ашылуында ғылым мен өнерді сақтау әрі дамыту бойынша теңдессіз үлес қосып келе жатқан: Пиотровский Михаил Борисович – Ресей мұражайлар Одағының Президенті, Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры, Антонова Ирина Александровна – А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік бейнелеу көркемөнері мұражайының Президенті, Халықаралық Мұражай Кеңесінің құрметті мүшесі, Ханс Мартин Хинц - Халықаралық Мұражай Кеңесінің Президенті сынды қайраткерлер баяндамалар оқыды. Конференцияға қатысушырдың алдында құттықтау сөздерімен Санкт-Петербург қаласы губернаторының міндетін атқарушы - Полтавченко Георгий Сергеевич пен РФ мәдениет Министрінің орынбасары - Миловзорова Елена Борисовна мәлімдеме жасады.

Толстой Владимир Ильич

Пиотровский Михаил Борисович

Антонова Ирина Александровна

Полтавченко Георгий Сергеевич


 

Миловзорова Елена Борисовна

 

Конференцияға сондай-ақ Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі, Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының Бас директоры Хазбулатов Андрей Равильевич қатысады. Халықаралық «Мұражай және билік» конференциясы жиналысында ол «Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдама жобасы» атты тақырыпта баяндама жасайды.