Санкт-Петербургте ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

11.09.2014 18:39 1641

2014 жылдың 10-шы қыркүйегінде Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының директоры Хазбулатов Андрей Равильевич пен Санкт-Петербург мемлекеттік академиясы И.Е. Репин атындағы көркем сурет, сәулет және мүсін өнері институтының ректоры – Михайловский Семен Ильич ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қол қойылған құжат бойынша институттар арасында тығыз қарым-қатынастар орнату, мәдениет пен өнер қызметкерлерін сынақ мерзімінен өткізу, олардың біліктілігін арттырып сондай-ақ мәдени білім беретін ғылыми-зерттеу жобаларын бірігіп дайындау және жүзеге асыру мақсатында ғалымдар мен мамандарды жұмылдыру көзделген.