Елорда Олимпиада күнін тойлайды

03.09.2014 00:00 1307

2014 жылдың 6 қыркүйегінде астаналықтар Олимпиадалық күнді Елорданың мәдениет және демалыс саябағындағы бұқаралық жүгірумен атап өтеді. Спорттық мереке Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиалық комитеті, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.

Спорттық мерекеге қатысу арқылы Астана тұрғындары салауатты өмір салты және достық, спорттық рух пен өзара сыйластық секілді олимпиадалық жарыстар құндылықтарын дәріптеудегі азаматтық ұстанымдарын білдіреді..

Олимпиадалық күнді атап өту шараларына қатысушыларды белсенді бағдарлама күтеді. Мектеп және колледж оқушылары 800 метр қашықтыққа жеке жүгіру жарысына қатынасады. 1200 метр қашықтыққа жүгірісте жоғары оқу орындарының студенттері, ҚР Парламент депутаттары, министрліктер, мемлекеттік мекемелер, елшіліктер, әскери және қарулы күш құрылымдарының қызметкерлері, БАҚ жұмысшылары, Олимпиада чемпиондары және қатысуға ынта білдіргендердің барлығы бақтарын сынап көреді.

Сонымен қатар қазіргі Олимпиадалық қозғалыстың туған күнін тойлауға мүмкіндіктері шектеулі спортшылар да ат салыспақшы. Олар үшін 100 метр қашықтыққа арба бәйгесі ұйымдастырылады. Ал мерекенің 5 және 10 жас аралығындағы бүлдіршін қонақтары «Олимпиада жарыстары» атты асфальтқа салынған суреттер байқауына қатыса алады.

Спорттық сайыстардың жеңімпаздары Ұлттық Олимпиалық комитет және жарыстар демеушілерінің атынан естелік сыйлықтар мен олимпиадалық символика бейнеленген кеудешелермен марапатталады.

Бүгінгі таңда әлемдегі 200-ден астам Ұлттық комитеттердің әрқайсысы жыл сайын Халықаралық Олимпиалық комитеттің іргесі қаланған күнді түрлі шаралармен атап өтетіндігін еске саламыз.

поматериалам: www.mk.gov.kz