ТМД қуыршақ театрыларының Фестивалі өз көрермендерін күтеді!

04.09.2014 00:00 1378

 

2014 жылдың 5-12 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекеттерінің қуыршақ театрларының Фестивалі өткізіледі. Қазақстан және ТМД-ның ең танымал қуыршақ театрлары мен қуыршақшылары көрермендер назарына ең қызықты және ең таңдаулы қойылымдарын ұсынады.

Фестивальді әйгілі Мәскеу қуыршақ театры «Петрушка» спектаклімен ашады. Тәжікстан мемлекеттік қуыршақ театры (Душанбе қ.) «Соғыс жән Бейбітшілік туралы ойлар» атты қойылым көрсетеді

Сонымен қатар шарада «Алақай» (Ақтөбе қ.), «Равлик» (Киев қ.), «ТриЛика» (Мәскеу қ.), «Карабаска» (Пермь қ.), «КрошкаАрт», (Санкт Петербург қ.), «Ученый медведь» (Мәскеу қ.) және Гомель қуыршақ театрлары өнер көрсетеді.

Қырғыз Республикасының мемлекеттік қуыршақ театры Фестиваль үшін ерекше мәнге ие «Барлығына бақыт» тақырыбындағы спектакль ұсынады.

 Қуыршақ театрларының көріністері Мемлекеттік қуыршақ театрында сахналанып қана қоймай, олардың жартысына жуығы театр қабырғаларынан тыс жерлерде көрсетіледі. Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Алматы қаласының медициналық мекемелерінде емделіп жатқан бүлдіршіндердің де қуыршақ театрларының қойылымдарын тамашалауға мүмкіндіктері болады.

Сондай-ақ, әлеуметтік қорғауға алынбаған қоғам  топтардан шыққан мен мүмкіндіктер шектеулі балаларды театр жұмысына жақындатуды мақсат еткен іс-шара аясында «Өзгеге билет сыйла» атты қайырымдылық акциясы өткізіледі. Бұл акция ережелеріне сәйкес, барлық акцияға қатысам деушілер билетті кассада сатып алып, оны сол жерде тастап кету арқылы қаржылық себептерге байланысты билетті өзі сатып ала алмайтын адамдарға спектакльге қатысуға мүмкіндік береді.

Фестиваль барысында қуыршақ қойылымдарының шеберлері тәжірибе алмасып, өнерлерін сынап қана қоймай, қуыршақтық спектакльдердің кішкентай және үлкен әуесқойларына қуаныш пен жақсы көңіл сыйлайтындығы сөзсіз.

по материалам: www.mk.gov.kz