Алматы «Оркестрлер шеруін» қарсы алады

08.09.2014 00:00 1415

 

2014 жылдың 9-11 қыркүйегі аралығында Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Оркестрлер шеруі» атты V музыкалық  фестивалі өткізіледі. 3 күн бойы Алматы тұрғындары классикалық және халық музыкасының ғажап туындыларын тамашалай алады.

Жаңа «Shabyt» жазғы театрында ұйымдастырылатын фестивальді Александр Беляков бастаған Алматы қаласының әкімі эстрадалық-симфониялық оркестрі мен ресейлік «Кватро»тобының орындауындағы әйгілі классикалық шығармалар ашады. Аталмыш топ солисттері өздерінің вокалдық мүмкіндіктерінің арқасында заманға сай өңделген классикадан джаз бен соулға дейінгі әртүрлі стильдегі музыканы орындай алатын бірден-бір ұжым болып табылады.

«Оркестрлер шеруінде» тыңдармандар назарына әрбір қазақстандыққа белгілі Абай, Нұрғиса Тлендиев және өзге де отандық композиторлардың туындыларымен қатар  Бизе, Григ, Пуччини, Хачатурян секілді танымал сазгерлердің шығармалары ұсынылады.

Сонымен қатар өнер мерекесінде Динзухра Тлендиева бастаған Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Қанат Ахметовтың дирижерлығымен Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, А.Жұбанов пен К.Бәйсейітова атындағы музыкалық мектептердің оқушылары, КСРО мен Қазақстанның халық әртістері Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева және Жания Әубакірова өнер көрсетпекші.

Алматының танымал оркестрлері әлем классикалық музыкасының жәуһар туындыларын фестиваль тарихында алғаш рет ашық аспан астында орындайтынын еске саламыз.

по материалам: www.mk.gov.kz