FILA жаңа атауға ие болды

09.09.2014 00:00 1535

 

8-14 қыркүйек, 2014. Ташкент. Өзбекстан астанасында спорттық күрестен Әлем чемпионаты өтуде. Шара аясында ұйымдастырылып жатқан Конгресс барысында Біріккен күрес түрлерінің халықаралык федерациясының (FILA) атауын Күрестің біріккен әлемі (United World Wrestling) деген атауға алмастыру жөнінде маңызды шешім қабылданды.

Ұйым атауын алмастырумен қатар,  UWW басшылығы сайланды. Күрестің біріккен әлемінің президенті болып бұрын Біріккен күрес түрлерінің халықаралык федерациясын басқарған сербтік маман Милош Лаловский тағайындалды.

Сонымен қатар Конгресс барысында Күрес достары клубы құрылды. Аталмыш клубтың алғашқы мүшелегіне күресті Олимпиадалық жарыс түрлері қатарына қайтаруға белсене атсалысқан Марииндік театрдың көркемдік жетекшісі, Лондон симфониялық оркестрінің бас дирижері Валерий Сергиев, әйгілі неміс футболшысы, «Бавария» ФК-ның басқарма төрағасы Франц Беккенбауэр және американдық актер Уильям Болдуин кірді.

Ташкенттегі спорттық күрестен Әлем чемпонатына 90 мемлекеттен келген 800 спортшы қатысатынын еске саламыз. Қазақстан жалпы әлем чемпионаттарында 34 жүлде, оның ішінде бес алтын, он күміс және 19 қола медальға ие болды.

по материалам: www.mk.gov.kz