«Ұлттық мұра» Қазақстанды шарлайды

11.09.2014 00:00 1394

2014 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Ұлттық музейі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның 10-жылдығын атап өтуге бағытталған  «Ұлттық мұра» атты І автошеруін Алматы қаласынан аттандырды.

ҚР Ұлттық музейінің қызметкерлері аталмыш жобаны «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын одан әрі қарай жүзеге асыру жолында музей қызметкерлерінің жұмысын біріктіру мақсатында  бастаған болатын.

Бүгінгі таңда отандық музей қызметкерлерінің алдына музей ісін дамыту мен қорларын кеңейту секілді маңызды мақсаттар қойылады.

«Ұлттық мұра» І автошеруінің саяхат бағдары оңтүстік және орталық Қазақстанның тарихи-мәдени объектілері мен облыстық музейлерін аралауды көздейді. Он күн бойы автошеру қатысушылары музей ісі саласында тәжірибе алмасып, аймақтағы музей мекемелерінің келелі мәселелері мен дамуының болашағын талқылайды. Автосаяхатшылардың пікірінше, бірегей топтамаларды зерттеу мен оңтайлы тәжірибені тарату Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттау қызметіне септігін тигізеді.

Автошеру аясында ҚР Ұлттық музей қорлары мәдени құндылықтарының презентациясы өткізіледі. 

                                

по материалам: www.mk.gov.kz