ҚР премьер-министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықова Нанкинде өткен ІІ жазғы Олимпиаданың жеңімпаздарымен кездесті

12.09.2014 00:00 1356

12 қыркүйек, 2014. Астана. «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде  ҚР премьер-министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықованың Нанкинде өткен (Қытай) ІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездесуі өткізілді. Кездесуге, сонымен қатар, ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Т.Есентаев, жас спортшылардың жаттықтырушылары мен жанұя мүшелері қатысты.

Гүлжан Әбдіқалықова өзінің биылғы жылдың 16 және 28 тамызы аралығында өткен Нанкиндегі Олимпиада қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде Қазақстанда бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың дамуына айрықша көңіл бөлінетіндігін айтты.

«Сіздердің өткен Олимпиада барысында қол жеткізген жоғары жетістіктеріңіз мемлекетіміз халық арасында бұқаралық спортты насихаттауда дұрыс саясат жүргізіп отырғандығының дәлелі бола алады. Біздің еліміздің алдында әлемнің бәсекеге қабілетті 30 мемлекетінің қатарына кіру маңызды тапсырмасы тұр. Сіздер бір көрсеткіш бойынша бұл мақсатқа жеттіңдер деп айта аламыз», - деді Г.Әбдіқалықова.

Қазақстандық құраманың туын алып жүруші, жасөспірімдердің ІІ жазғы Олимпиадасының чемпионы боксшы Абылайхан Жүсіповтің ойынша, ірі халықаралық сайыстарда Қазақстан туын желбірету – әрбір қазақстандық спортшы үшін мақтаныш бола алатын жайт.

«Мен еліме жасөспірімдер Олимпиадасының ашылуында Қазақстан Республикасының туын алып жүруде артқан сенімі үшін алғысым шексіз. Елім, ата-анам мен жаттықтырушымның маған артқан үміттері мен сенімін ақтағаныма өте қуаныштымын. Осында отырған Олимпиада чемпиондарының атынан алдағы барлық ірі халықаралық жарыстарда мемлекетіміздің даңқын әлі де шығарамыз деп уәде бергім келеді», - деп қосты А.Жүсіпов.

 Жоғары жетістіктерге қол жеткізуде біздің спортшыларға Отанына деген ыстық сезімдері мен спорттық рух жетелегендігі сөзсіз.

«Алғашқы олимпиадалық жекпе-жегімнің басында ресейлік спортшыдан жеңіліс тауып жатқан едім. Кейін, қазір жеңіліп қалсам, Олимпиада мен үшін бітетіндігін түсіндім. Намысым ойнап, нәтижесінде, бұл беласуда жеңіп щықтым. Кейін өзге де елдірдің балуандарымен арпалыста жеңімпаз атандым. Ең күрделі жекпе-жек венесуэлалық спортшымен қорытынды арпалыс болған еді. Алайда бұл жерде де намысымды қолдан бермей, Қазақстан ән ұранын шырқату және салтанатты төрдің басына шығуға ниетім чемпион атануға көмектесті», - деп ойын тарқатты еркін күрестен Олимпиада чемпионы Мұхамбет Қуатбек.

Кездесу кезінде олимпиада қатысушылары естелік сыйлықтармен және алтын жүлде үшін 1,820 млн тг, күміс үшін 910 мың тг, ал қола жүлделі болғандарды 540 мың тг сертификаттарымен марапатталды. Сондай-ақ жас жеңімпаздардың жаттықтырушыларына да ақшалай марапат сертификаттары табыс етілді.

ІІ жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы ресми емес топтық есепте 3 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлдемен 21 орынға табан тірегендігін еске саламыз.

 

     

по материалам: www.mk.gov.kz