Мәдениет және спорт министрлігі Ассамблея жылы мен Конституцияның 20-жылдығын тойлаудың Ұлттық жоспарын жасақтады

12.09.2014 00:00 3319

 

2014 жылдың 12 қыркүйегінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ассамблея жылы мен Конституцияның 20-жылдығын тойлау аясында өткізілетін іс-шаралар Ұлттық жоспарының жасақсталуы туралы мәлімдеді.

Ұлттық жоспар Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы кезінде берілген тапсырмасы бойынша жасалған болатын.

А.Мұхамедиұлы 2015 жыл мерейтойларға бай екендігін ескертті. 2015 жылға жоспарланған барлық шаралар ҚР Конституциясының 20-жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы және Абай Құнанбаевтың 170-жылдық мерейтойы аясында өткізіледі.

Ұлттық жоспар мемлекет азаматтарын одан әрі қарай біріктіру және этнос аралық бірлік пен келісімді күшейтудің негізгі құралына айналады.

Ұлттық жоспар тек республикалық деңгейдегі ғана емес, сонымен қатар жергілікті деңгейде өткізілетін іс-шараларды қамтиды.

Ұлттық жоспарда ұйымдастыру-методикалық, қоғамдық-мәдени, ақпараттық-түсіндірмелі, халықаралық шаралар және Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен ҚР Конституциясының 20-жылдығына ғылыми-талдау сүйемелдеу көрсетуге бағытталған іс-шаралар өткізуді көздейді.

Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлының мәлімдемесіне сәйкес, Ассамблея жылы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығының салтанатты ашылуы мерекелік іс-шаралардың өткізілуіне бастау салады. Осы айырықша оқиғалар өткізілуі 2015 жылға жоспарланған Қазақстан халқы Форумы кезінде шарықтау шегіне жетеді.

по материалам: www.mk.gov.kz