Мариинский театры Астанада «Нибелунг сақинасы» атты бірегей эпикалық тетралогиясын көрсетеді

15.09.2014 00:00 1463

2014 жылдың 3 және 4 қазанында Елорданың «Астана Опера» сахнасында Мариинский театрының гастрольдік сапары өтеді. Ресейдің жетекші театрларының бірі қазақстандық көрерменге Рихард Вагнердың жойқын туындысы «Нибелунг сақинасын» ұсынады.

Екі күн бойы Астана қонақтары мен тұрғындарының «Нибелунг сақинасы» Вагнер тетралогиясының 2 керемет декарациялы ертегі-аңыздарын тамашалауға мүмкіндіктері болады. Мариинский театры тетралогияны авторлары Валерий Георгиев пен Георгий Цыпин болып табылатын көнелтілген ерекше тұжырымдамада көрсетеді. Қойылымның режиссері – Юлия Певзнер, ал дирежерлық рөлді Валерий Георгиев атқарады.

Авторлардың сөзінше, қойылымның қайталанбас көнелтілген тұжырымдамасын жасаудың басты мақсаты – адамдардың қиялында екі мың, үш мың жыл бұрын да миы жете алатын кейіпкерлерді елестетіп көруге тырысу. Нарттық эпосқа ұқсас тұжырымдама көрермендерге барлық адамдар бір кеңістікте өмір сүріп, бабаларымен байланыс жоғалтпауға тырысатындығын баяндайды.

Мариинский театры – «Нибелунг сақинасы» тетралогиясының толық нұсқасын көрсететін Ресейдің бірден-бір театры. Бұл қойылымды Еуропа, АКШ, Қытай, Корея және Жапония көрермендері жоғары бағалаған болатын.

         

по материалам: www.mk.gov.kz