Санкт-Петербургте ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

16.09.2014 16:21 1956

2014 жылдың 11 қыркүйегінде Санкт-Петербург қаласында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының Бас директоры Хазбулатов Андрей Равильевич пен Ресей Федерациясы  мәдениет Министрлігі Ресей көркемөнер тарихы Институтының директоры Кох Ольга Борисовна арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қол қойылған құжат бойынша институттар мәдени білім алатын ғылыми-зерттеу  жобаларын бірігіп іске асыру және мәдениет пен өнер мамандарын сынақ мерзімінен өткізу, біліктілігін арттыру, тәжірибелерін шыңдау қарастырылған.

Институтты 1912 жылы 15-ші наурызда граф В.П. Зубов «В.П. Зубов графтың көркемөнер тарихы Институты» деп негізін қалаған (Зубов институты).

1990 жылы Н.К. Черкасов атындағы Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинематография институтының Ғылыми-зерттеу негізі бөлімінде РКФСР мәдениет Министрлігінің 1990 жылғы 09 қазандағы №331 жарлығы бойынша «Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты» деген атауға ие болды. 1992 жылы Ресей Федерациясы мәдениет Министрлігінің 1992 жылғы 12 ақпандағы №2 жарлығы негізінде «Ресей көркемөнер тарихы институты» деп қайта ауыстырылды.

 

http://artcenter.ru/soglashenie-o-sotrudnichestve-mezhdu-riii-i-kazaxskim-nauchno-issledovatelskim-institutom-kultury/