Азияның басты спорттық оқиғасы

19.09.2014 00:00 1410

 

2014 жылдың 19 қыркүйегінде Инчхон қаласында (Корей Республикасы) 17 жазғы Азия ойындарының шымылдығы түрілді. Төрт жылда бір рет өтетін Азия құрлығының басты спорттық шарасының ашылуы қарапайым әрі қызықты болып өтті.

Ұйымдастырушылар қарапайым корей халқы мәдениетінің алуан түрлілігі мен көпжақтлығын, қонакжайлылығы мен жарқын мінезін театрландырылған қойылымдар арқылы жеткізуге тырысты. Шара көрермендері мен қонақтары корей поп-әртістерінің өнерлерін аса қызғушылықпен қарсы алды,

Азиада қатысушыларының шеруінде мемлекеттер делегациялары корей әліпбиі кезегінде шыққан болатын. Қазақстан құрамасы өзге ұлттық құрама командалардың ішінде ең үлкені болды.

Қазақстан Республикасы ұлттық командасының құрамы 39 спорт түрі бойынша өнер көрсететін 400 аса атлеттен тұратындығын еске саламыз. Қазақстандық спортшылардың басты мақсаты  20 алтын жүлдені қоржынға салып, жалпыкомандалық есепте 45 Азия мемлекетінің ішінде 4–ші орынға табан тіреу болып табылады.

Делегациялардың салтанатты шеруінде Қазақстан Республикасы туын алып жүру құрметі 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовке тапсырылды.

2014 жылдың 20 қыркүйегінде жүлделердің алғашқы топтамалары додаға салынады. Қазақстан атлеттері бұл күні 14 спорт түрінде өнер көрсетпекші.

 

 

       

по материалам: www.mk.gov.kz