Театр және музей қызметінің өзекті мәселелері

22.09.2014 00:00 1458

 

22 қыркүйек, 2014. Астана. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұъамедиұлының қатысуымен брифинг өтті. Брифингте театр және музей салаларының өзекті мәселелері қарастырылды.

Қазақстанның әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттер қатарына ілігу стратегиялық мақсатына бағытталған саясаты мәдениет және өнер салаларының жасампаздық әлеуетін арттыру жөнінде ауқымды міндеттерді алдымызға қойып отыр        .

2014 жылдың ең маңызды жобаларының бірі Елбасының бәсекеге қабілетті мәдени ментальдікті қалыптастыру мен заманауи мәдени кластерлерді дамытуға бағытталған Қазақстан мәдени саясат Тұжырымдамасын жасақтау туралы тапсырмасын орындау болып табылады.

Қазіргі кезде жоба Қазақстан қоғамы ішінде кең талқылардан өтіп, жобаны қарастыру бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді. Министр белгілеп өткендей, театр өнері мен мұражай ісі салаларында ортақ саясат қалыптастыру мақсатында Тұжырымдамада шығармашылық кеңестерді құру мәселелері қамтылған.

Брифинг кезінде ұлттық мұражай фонды дерекқорының біріктірілген жүйесін құру мәселесін, музейлерді мәдени құндылықтардың электронды есеп жүйесіне көшіру, мәдени туризмнің халықаралық орталықтарын құру мақсатында республикалық музей-қорықтарда заманауи визит-орталықтарын құру мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар брифингте министр  театрларды материалды-техникалық базасын жаңарту мен жаңа қойылымдар құрудың маңыздылығына тоқталып кетті. Көптеген театрлардың сахналық жабдықтануы ашылу күнінен бері ауыстырылмаған.

«Мекемелерді жоғары білікті кадрлермен қамтамасыз ету үшін Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институты негізінде Мәдениет және өнер қызметкерлірінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау Орталығын құру мәселесі қарастырылуда», - деді министр А.Мұхамедиұлы.

 

по материалам: www.mk.gov.kz