Жүлделер үшін күрес жалғасуда

24.09.2014 00:00 1340

 

23 қыркүйекте қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 200 метрге браспен жүзуде жаңа әлемдік рекорд қойып, Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол іріктеу кезеңінде жақсы нәтиже көрсетіп, финалда белгіленген қашықтықты 2:07,67 секундта жүзіп өту арқылы тамаша жетістікке қол жеткізді.

Сонымен қатар, стенд атудан әйелдер командасы «Трап» жаттығуында командалық есепте 203/225 ұпаймен алтын медальдар жеңіп алды. Спортшы қыздарымыздың барлығы Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері,  халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері: Давыдова Анастасия (Шымкент қ.) (71/75 ұпай), Дмитриенко Мария (Шымкент қ.) (70/75 ұпай) және  Середа Оксана (Шымкент қ.) (62/75 ұпай) болып табылады.

Төрт күн нәтижесінде Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ілікті. Қазақстан қоржынында 4 алтын, 4 күміс пен 10 қола жүлде түскендігін ескертеміз.

          

 

 

по материалам: www.mk.gov.kz