Астанада мектеп оқушылары арасында мини футболдан турнир басталды

24.09.2014 00:00 1468

2014 жылдың 23 қыркүйегінде Астана қаласының «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде Сарыарқа ауданының мектеп оқушылары арасындағы мини футболдан жарыс басталды.

Спорттық шараны өткізудің басты мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақ арасында бұқаралық спортты насихаттау, Елорда тұрғындарын саламатты өмір салтына тарату болып табылады.

Алғашқы күннің бағдарламасында №2, №7, №24, №35, №18, №61 және ҚТЛ мектептерінің 7 командасы арасында плей-офф және жартылай финал ойындары болды.

Жартылай финал нәтижесінде, №2 және №7 мектептер үшінші орын үшін, ал №61мектеп және Қазақ-түрік лицейі бірінші орын үшін таласатын болып шықты.

        

 

по материалам: www.mk.gov.kz