Ольга Довгун Инчхондағы XVII Азия Ойындарының алтын жүлдесін ұтып алды

26.09.2014 00:00 1286

 

2014 жылдың 14 қыркүйегінде қазақстандық спортшы Ольга Довгун 50 м қашықтықта үш жағдайдан ату спорт түрінен жазғы Азия Ойындарының алтын жүлдесін ұтып алды.

Бұл тәртіптегі күміс жүлдені корейлік Мире Джонг ұтып алса, қола жүлде Қытайдан келген Йиной Чанның мойнына ілінді.

Қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 32 жүлде, олардың ішінде жеті алтын жүлде, сегіз күміс және 17 қола жүлде бар.

Довгун бұған дейін 50 м қашықтықта үш жағдайдан атудан командалық жарыста қола жүлде ұтып алған болатын.

 

по материалам: www.mk.gov.kz