Эрмитаж Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруда

27.10.2014 12:16 1821

2014 жылдың қазан айының 22 күні Санкт-Петербургте Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы директоры Дархан Мыңбай мен Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов пен Эрмитаж Мемлекеттік Мұражайының бас директоры Михаил Пиотровский арасында ресми кездесу барысында біріккен көрме қызметтері, ғылыми-зерттеу жұмыстары және мұражай қызметкерлері менен жаңғыртушы мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылған.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының ынтымақтастығы негізінде Орта Азияда алғаш Эрмитаж Орталығын ашу қарастырылды. Алғашқыда Орталық ғылыми-методикалық жұмыстар мен айналысады. Кейіннен көрме қызметтерін іске асыратын болады. Кездесу соңында тараптар белгіленген бағыт бойынша халықаралық келісімді жасау және оған қол қоюға уағдаласты.  

Эрмитаж Мемлекеттік Мұражайының бас директоры Михаил Пиотровскийдің қазақстандық делегациямен ресми кездесуі Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігі арқылы жүзеге асты. Қазақстан мен Ресей мәдениет, ғылым және өнер салалары бойынша ынтымақтастықты дамытып, екі ел Евразиялық Экономикалық Одақ аясында достықты одан әрі нығайтатып келеді.

2014 жылдың 7 желтоқсанында Эрмитаж Мемлекеттік мұражайының құрылғанына 250 жыл толмақ. Ресей патшайымы Екатерина Екіншінің европа өнерінің жеке коллекция заттарын жинауы негізінде құрылған мұражай қазіргі таңда әлемдегі ең ірі көркемөнер мұражайларының біріне айналды. 2000 жылдан бастап мұражай өзінің Орталықтарын Ресей Федерациясының бірқатар қалалары мен шетелдерден аша бастады. Бүгінгі таңда Эрмитаждың ресми Орталықтары Қазан, Омбы, Выборг және Нидерланды Корольдігінің астанасы Амстердам қаласында жұмыс істейді.