Ұлытау – түркі әлемінің бесігі

27.09.2014 00:00 1838

 

2014 жылғы 23-25 қыркүйек аралығында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында қазақ халқының ортақ рухын қалыптастыру мен мызғымас бірлігін сақтау мақсатында «Ұлытау – Ұлы мекенім» Халықаралық форумы өткен болатын. Мәдени форумның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қарағанды облысының әкімдігі және Ұлытау ауданының әкімдігі.

Қазақ халқын одан әрі қарай біріктіруге арналған форумның өткізу орны кездейсоқ таңдалған емес-ті. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Хабар арнасына берген сұхбатында атап өткендей, Қазақстанның қақ ортасында орналасқан Ұлытау – әрбір қазақ азаматы үшін килеі жер болып табылады.

«Жастардың төл тарихымызды білуі хақ. Ұлытау бабаларымыз ғұндар, көк-түріктер, Алтын Орданың орталығы болған. 1730 жылы бұл жерде қазақ халқының үш жүзі жиналып, жоңғарларға тойтарыс берген болатын. Ұлытау тау кешенінің оңтүстік-шығысында өткен қақтығыс кезінде бабаларымыз жоңғарларды ойсырата жеңіп, бұл жер сол кезден бастап Қалмаққырған деген атауға ие», - деді Елбасы сұхбатында.  

Мәдени форум Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Башқұртстан, Тува, Хакасия, Монғолиядан келген танымал мәдениет және өнер қайраткерлерінің, көрнекті ғалымдардың және ТЮРКСОЙ халықаралық ұйымы өкілдерінің басын қосты.

Форумға қатысушылар Елбасы Н.Назарбаев бастамасымен салына бастаған «Мемлекеттің тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірлігінің белгісі» монументінің құрылысының екінші кезеңін жүзеге асыру, «Ұлытау» Ұлттық музей-қорығын құру, юұл аймақта заманауи инфрақұрылым салу мәселелері бойынша пікірлерін білдірген болатын. Ұлытаудың дала өркениеті мен тек қазақ халқының ғана емес, жалпы бүкіл түркі әлемінің көшпелі мәдениетінің бесігі ретіндегі имиджін әлемге тарату мәселесі бойынша бағдарламалар бойынша көптеген ойлар айтылды.

Форум делегаттары Әулиетау, Ұлытау ауданы бойынша экскурсияларға, көрме, ақындар фестиваліне қатысты. Осы шара төңірегінде өткен «Ұлы Дала сазы» Халықаралық фестивалінде, сонымен қатар, Қазақстан, Түркия және Ресей әртістері өнер көрсетті.

по материалам: www.mk.gov.kz