Ағылшын тіліндегі казақ пьесасының британдық сахнада алғашқы көрсетілімі

29.09.2014 00:00 1421

 

27 қыркүйек, 2014. Астана. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы алғашқы көрсетілімі Лондон және Астанада сәтті өткен ағылшын тіліндегі «Транзитті жолаушы» пьесасының аыторы және қойылым басшыларымен кездесті.

Ведомства басшысы және әйгілі қазақ драматургы Дулат Исабеков, Британдық Парламент Лордтар Палатасының өкілі баронесса Алисон Мари Сати, Лондондағы Шыңғыс Айтматов Академиясының профессоры Абдувалиева Рахима Мұсақызы, Кембридж Университетінің профессоры Сидхарт Шанкер Саксена бірлескен мәдени жобаның жетістіктерін талқылады.

Бұған дейін қазақ тілінде жазылған туындылар британдық сахнада ағылшын тілінде қойылмағандығын ескертіп кеткен жөн.

«Қазақстандық драматургияның қас шебері Дулат Исабековтың «Транзитті жолаушы» пьесасы Британия сахнасында алғашқы рет сахналануы қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл еліміздің тарихындағы маңызды оқиға екендігі сөзсіз», - деді кездесіде министр.

Драматург Дулат Исабеков, өз кезегінде, жобаның іске асырылғандығына шексіз қуанышты екендігін айтып өтті:

«Жазушы – Қазақстан қоғамындағы маңызды тұлға. Жазушының айтқан сөздеріне тек халық қана емес, мемлекет басшысы да құлақ асады. Президентіміздің шығармашылық интеллигенциямен кездесулері үнемі өтіп отырады. Мен Елбасымен пьесамның Лондондағы премьерасына дейін кездескен болатынмын.»

Драматург, сонымен қатар, бұл жобаның жүзеге асырылуының бастамашыларының бірі мәдениет министрінің өзі болғандығын ескертіп кетті.

Қойылымның продюсері Джозеф Сандерс: «Біздің «Орзу» орталықазиялық эксперименталды театрымыз жуырда ғана ашылған болатын. Дулат Исабековтың «Транзитті жолаушы» пьесасы кәсіби британдық актерлар ойнаған алғашқы қойылымымыз болып табылады»- деп атап өтті.    

Ұйымдастырушылар жоспарлағандай, «Транзитті жолаушының» Қазақстандағы көрсетілімдері қыркүйектегі дәстүрлі Тілдер фестивалінің аясында өткізілген болатын.

 

по материалам: www.mk.gov.kz