Бішкекте Халықаралық ПЕН-клубтың конгресі өткізілуде

01.10.2014 00:00 1383

 

2014 жылдың 29 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында Халықаралық ПЕН-клубтың 80-ші конгресі өткізіліп жатыр. Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып жатқан шараға 80 мемлекеттен 200 жазушы қатысып отыр.

Конгрессте көзделетін негізгі мақсаттардың қатарына Орталық Азия журналисттері мен жазушыларына мәдениет пен әдебиет жөнінде әңгімелер қозғалатын алаң құру, жас, бұрын-соңды еңбектері жарыққа шықпаған жазушыларды қолдау, оларға басылып шығуға мүмкіндік беру жатқызылады.

Халықаралық ПЕН-клубтың президенті Джон Ралстон Сол шараның алдында өткен баспасөз маслихатында өз елінде беймәлім жазушыларды танымал ету ПЕН-клуб қызметінің басты бағыттарына жатады.

«Біз жыл сайын бүкіл Орталық Азияға арналған арнайы бағдарлама өткіземіз. Олардың қатарына өз ойын білдіру еркіндігінің жазғы мектебі жатады. Бұл мектепке жыл сайын 50 шақты жас келеді Әрбір қазақ жас дарыны бұл мектепке келу ниетін білдіре алады», - деді Д.Сол.

Жазушылар жиынына, сонымен қатар, қазақстандық делегация да қатысып жатыр.

«Біздің елімізден Олжас Сүлейменов бастаған 7 адамнан тұратын делегация қатысады. Ол делегация құрамында Бақытжан Канапьянов, Адольф Арцишевский да бар»,  - деді Қазақ ПЕН-клубының басшысы Бигелді Габдуллин.

Халықаралық ПЕН-клуб – 1921 жылы құрылған бейсаяси ұйым. Жазушылардың бүкіләлемдік құқық қорғау ұйымы БҰҰ-ның ерекше консультативтік статусына және ЮНЕСКО-ның ассоциацияланған мүшелігіне ие. Ұйым бүкіл әлемдегі жазушылардың мүдделерін, олардың арасындағы достық пен интеллектуалды ынтымақтастықты, көзқарастары үшін қуғынға ұшыраған жазушылардың ой пікірлерін білдіру еркіндігін қорғау мәселелерімен айналысады.

по материалам: www.mk.gov.kz