ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Инчхон Олимпиада қалашығында болды

02.10.2014 00:00 1283

1 қазан, 2014. Инчхон. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев XVII жазғы Азия Ойындарына қатысып жатқан қазақстандық спортшылармен кездесті.

Кездесу Қазақстан ұлттық құрамасы тұрып жатқан «Атлетик Виллэдж» олимпиалық қалашығында өтті.

Вице-министр атлеттерді өтіп жатқан Азиададағы табыстарымен құттықтап, оларға естелік сыйлықтар тартты.

«Өздеріңіз білетіндей, ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша сіздерге ақшалай сыйлар тарту көзделген. Сонымен қатар спорт түрлері бойынша федерациялар және жергілікті облыстық әкімдіктер де сіздерді тағатсыздана күтуде. Бір сөзбен айтқанда, өздеріңіздің жетістіктеріңіздің арқасында сіздер мұндай мадақтарға лайықсыздар», - деді вице-министр.

Кездесуді қорытындай келе вице-министр Азиаданың қорытындылары бойынша олардың алдына жалпыкомандалық есепте төртінші орын алу мақсаты қойылғандығын ескертіп, өтіп жатқан додалы сайыста өнерлерін жеңіспен аяқтауларын тіледі.

 

по материалам: www.mk.gov.kz