Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жаңа басшысы тағайындалды

02.10.2014 00:00 1420

1 қазан, 2014. Астана. Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жаңа басшысы тағайындалды. Алматылық ГАТОБ директорының орнын бұрын мәдениет және спорт вице-министрінің қызметін атқарған Асқар Бөрібаев басты.

Асқар Ысмайылұлы Бөрібаев еңбек жолын 1979 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваторияның оқытушысы ретінде бастады.

Мәдениет саласындағы қызмет барысында ішекті квартет, «Кончертоне» камералы оркестрін құрып, әлемнің 30 мемлекетінде өнер көрсеткен болатын.

Оның басшылығымен классикалық музыканың «Жазғы түндегі түс», джаз музыкасының «Астана блюз», ұлттық музыканың «Сарыарқа», халық биінің «Қос алқа», «Театр әлемі» шығармашылық жобалары жүзеге асырылды.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкімімен ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрінің лауазымына тағайындалып, бұл қызметті аз ғана үзіліспен 2014 жылдың 1 қазанына дейін атқарды.

 

по материалам: www.mk.gov.kz