Елордада V Халықаралық скрипкашылар байқауы өтеді

10.10.2014 00:00 1408

 

2014 жылғы 11 және 18 қазан аралығында Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында V Халықаралық скрипкашылар байқауы өтеді. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін шараға отандық және шетелдік оқу орындарының тәлім алушылары мен скрипкашылар қатысады.

Бұндай байқауларды өткізудің мақсаттар мен міндеттер кешені қазақстандық композиторлардың туындыларын насихаттау, музыканттардың кәсіби шеберліктерін жоғарылату, жас дарынды скрипкашыларды іздестіру және мемлекетіміздің мәдени деңгейін жоғарылатуды қосады.

Музыкалық додаға қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты екі санатта өнер көрсетеді: кіші топ 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерден тұрса, үлкен топқа 16 және 28 жас аралығындағы азаматтар кіреді.

Байқауда скрипка өнері жас шеберлерінің орындауында әлемдік классиктер И.Бах, Н.Паганини, И.Брамс, П.Чайковский және Шестаковичтің туындыларын естуге болады.

Әділқазылар алқасының құрамына әлемнің ең әйгілі скрипкашы-маэстроларының қатарындағы ҚР Халық әртісі, профессор Айман Мұсаходжаева, Мәскеу консерваториясының профессоры, КСРО Халық әртісі Эдуард Грач, Ресейдің еңбегі сіңген әртісі Сергей Кравченко, Хельсинкидегі Я.Сибелиус атындағы Академияның профессоры Александр Винницкий және Францияның көрнекті скрипкашысы Петр Шереметьев кіреді.

V Халықаралық скрипкашылар байқауы қазан айының 17-сінде өз мәресіне жетеді.

по материалам: www.mk.gov.kz