Қазақстан мен Армения мәдени ынтымақтастығының жаңа кезеңі

11.10.2014 00:00 1421

7-10 қазан, 2014. Ереван (Армения). Қазақстан мен Армения 2015-2017 жылдарға арналған мәдениет саласындағы Мемлекетаралық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.  Маңызды құжатқа қол қою Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Армения Республикасына жұмыс сапары аясында өтті. Сондай-ақ, екі мемлекеттің мәдениет ведомоствалары  басшылары мәдениет пен өнер, тарих, мұражай ісі мен кітапхана ісі саласындағы кең ауқымды сұрақтарды талқылады.

Мемлекетаралық ынтымақтастық бағдарламасына ресми қол қойғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Арменияның мәдениет министрі Асмик Погосян екі елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы құжаттың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасы театрлар мен музыкалық ұжымдар арасында тікелей байланысты орнатуға, елдеріміздің мәдени шараларына фольклорлық ұжымдардың қатысуына, кинематография саласында театр-танушылармен алмасуға мүмкіндік беретіндігін» атап өтті қазақстандық ведомоства басшысы.

Мәдениет саласындағы құжатта орындаушылармен, музыка ұжымдары және мамандармен алмасу мақсатында музыка мекемелері мен концерттік ұжымдар арасында тікелей байланыс орнатудан бастап кітапхана, мұражай ісі салаларындағы ынтымақтастыққа дейінгі мәселелер қарастырылған. 

Қазақстан мен Армения арасындағы мәдени байланыстар екі ел Президенттерінің бастамалары бойынша 2006 жылдың қарашасында Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Армения Республикасының Үкіметінің мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімімен бекітілген болатын. 

Арменияның Мәдениет министрі Асмик Погосян екі мемлекеттің мәдени серіктестігін кеңейтудегі Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың ерекше үлесін, сондай-ақ қол қойылған ынтымақтастық туралы Бағдарлама аясында қазақстандық қатысушыларға жан-жақты көмек көрсетуге әзірлігін жеткізді.

Ресми кездесу барысында ведомоства басшылары мәдениет пен өнер саласындағы серіктестік қатынасты тереңдету мен кеңейтуге мүдделі екендерін білдірді. Атап айтқанда, көрмелер, гастрольдер, конференциялар арқылы мәдени алмасудың жиілігін арттыру жолдары, екі елдің мәдени мекемелері мен ғылыми–зерттеу орталықтары арасында өзара тиімді ынтымақтастыққа жағдай жасау, мәдениет пен өнер саласы мамандарының біліктілігін арттыру мен дайындау мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, тараптар фильмдер өндірісі, оны тарату мен қалың көпшілікке жеткізудегі ұлттық кинематографиялық ұйымдар арасында байланыс орнату, кинематография саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады.       

Погосян ханым қазақстандық әріптесімен болған кездесуге  қанағаттандығын білдірді. Ол өз сөзінде осы қызметке тағайындалған уақыттан бастап (2006 ж) Арменияға жұмыс сапарымен келген Қазақстанның алғашқы мәдениет министрі екендігін атап өтті, тараптар бұл кездесу мәдениет саласындағы екіжақты қатынастың дамуына оң өзерістер әкеледі деп сенеді.

по материалам: www.mk.gov.kz