ХОҚ басшысы Томас Бах Алматы қаласының бірқатар спорттық объектілеріне сапар шекті

13.10.2014 00:00 1343

 

12 қазан, 2014. Алматы. Алматыға жұмыс сапарымен Халықаралық олимпиалық комитеттің (ХОҚ) басшысы Томас Бах келді. Т.Бах Қазақстанның оңтүстік астанасының Медеу мұз айдыны, «Сұңқар» шаңғы трамплині кешені мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын аралап, қала әкімі Ахметжан Есімовпен кездесті.

Бүгінгі таңда Алматы еліміздің спорттық инфрақұрылымы ең жетік дамығын қаласы болып табылады. Бұнда 1077 спорттық объект орналасып, олардың 14-і халықаралық талаптарға толықтай жауап береді. 2017 жылы өткізілетін Бүкіләлемдік студент ойындарына таман тағы да бірқатар спорттық кешендердің салып аяқтау жоспарланған.

Қала басшысы ескеріп кеткендей, Алматы қаласында жыл сайын көптеген һалықаралық жарыстар, әлем чемпионаттары мен әлем кубоктары, әрқилы веложарыстар өткізіледі. Алматы спорттық қозғалысты насихаттаудың тек Қазақстандағы ғана емес, жалпы Орталық Азияның көшбасшысы болып табылады.

«Қаламызда тұратын бір жарым миллионнан астам халықтың төрттен бір бөлігі бұқаралық спортпен шұғылданады», - деп баяндады А.Есімов ХОҚ басшысымен кездесуінде.

2011 жылғы қысқы Азия Ойындарынан қалған спорттық объектілер қазақстандық спортты жетілдіру мақсатында пайдаланылып келетіндігін еске саламыз.

 

по материалам: www.mk.gov.kz