«Мәдениет» бастауыш партиялық ұйымының қатарына жаңа партия мүшелері қабылданды

16.10.2014 00:00 1538

15 қазан, 2014. Астана. Республика бойынша «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары басталды. Астана қаласында орналасқан ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

Жиналысқа бастауыш партия ұйымының мүшелері және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлерімен қатар «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Қайшарова және Астана қалалық филиалының Үгіттік-насихаттау топ мүшесі В. Жексембекова қатысты.

Жаңартылған партиялық ұйымның отырысы «Достық», «Штаттық ұлттық командалары және спорттық резерв дирекциясы» бастауыш партұйымдарының 2013-2014 жылдары жүргізген жұмысы туралы есеп берулерінен басталды.

«Бірігудің нәтижесінде «Мәдениет» бастауыш партиялық ұйымы «Нұр Отан» партиясының ең ірі партиялық ұяшықарының біріне айналды. Бүгінгі күні оның құрамына шамамен 400 партия мүшесі тіркелген, - деді А.Қайшарова. – Партия алдыңызға қойған мақсаттар мен міндеттерді бұрынғыдан да тиімді атқаратындықтарыңызға сенімдіміз».

Кеңейтілген жиналыста партиялық ұйым бюросының жаңа құрамы – төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес және Ақпараттық-насихаттау тобының құрамы бекітілді. Отырыс барысында, сонымен қатар, партиялық ұйым атынан «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының конференциясына аттанатын делегаттар сайланды.

Салтанатты түрде партиялық ұйымның жаңа 10 мүшесі партия қатарына қабылданып, партиялық билеттер тапсырылды. Партияның жаңа мүшелерінің қатарында көптеген беделді халықаралық сайыстардың жеңімпазы, жазғы Азия Ойындарының екі дүркін чемпионы боксшы Данияр Елеусінов те бар.

2014 жылдың 6 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес еліміздің орталық мемлекеттік органдары қайта құрылғандығын еске саламыз. Қайта құру қорытындысы бойынша  Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі жасақталған болатын. Жаңа министрліктің құрамына ҚР Мәдениет министрлігі, Дін істері бойынша Агенттік пен Спорт және дене шынықтыру Агенттігі біріктірілді.

 

по материалам: www.mk.gov.kz