Алматыда ең үздік кітапханашылардың есімдері белгілі болды

17.10.2014 00:00 1488

15 қазан, 2014. Алматы. «ХХІ ғасыр кітапханалары – жаңа мақсаттар» атты халықаралық конференция аясында Қазақстанның ең үздік кітапханашылар өзіндік бір «Оскар» - ғалым үкі түріндегі естелік сыймен марапатталды.

«ХХІ ғасыр кітапханалары – жаңа мақсаттар» дәстүрлі конференциясы кітапхана-ақпараттық инфрақұрылым және оған жақын салалардың даму жетістіктері мен инновацияларды талқылау алаңы болып табылады. Ол салалардың қатарына, ең алдымен, білім беру, баспа ісі, ақпараттық қызметтің құқықтық аспектілері, электронды кітаптардың болашағы, заңнамалық мәселелер мен бастамалар, халықты электронды және мәтіндік ақпаратпен қамтамасыз ету мәселелері жатады.

Бүгінгі күні Қазақстанда 11 мыңнан аса кітапханалар, олардың құрамында 4143 бұқаралық кітапханалар болып табылады.

Ең үздік кітапханашылар қатарында Қазақстан орталық кітапханасы, Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы, Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның жанындағы кітапхана қызметкерлері бар.

 

по материалам: www.mk.gov.kz