Қазақстан Елордасы Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық фестивалін қарсы алады

20.10.2014 00:00 1457

20 қазан, 2014. Астана. Қазақстан Республикасының Елордасында Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық ән фестивалінің шымылдығы ашылады.

Фестиваль қазақ ән салу өнерін дамыту, Шәмші Қалдаяқовтың әндерін халық арасында орындайтын дарынды жастарға қолдау көрсету және қазақстандық эстрада өнері шеберлерінің өнерін халыққа ұсыну мақсатымен өткізіледі.

Аталмыш фестиваль 2 кезеңнен тұрады. Барлық кезеңдер халық алдында өткізіліп, фестиваль қатысушылары – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия және Өзбекстан елдерінің өкілдері «қазақ вальсінің королінің» шығармаларынан  4 ән орындайды.

24 қазан күні шара қорытындысы жария етілетін Гала-концертке КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжан, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Сейдоллаұлы, Алтынай Жорабаева, Азамат Жылтыркөзов, Жәмиля Жарқымбаева, Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным-2013» атты халықаралық ән фестивалінің Гран-при иегері Нұрболат Абдуллин және т.б. өнер жұлдыздары қатысады.

 

по материалам: www.mk.gov.kz