Украиналық ғалым Астанада бұқаралық спорт және жоғары жетістіктер спортының дамуы арасында тығыз байланыс туралы баяндады

24.10.2014 10:01 1442

 

23 қазан, 2014. Украинадан келген ғалым, профессор Владимир Платонов мектептердегі дене тәрбиесі сабақтарын жоспарлау кезінде оқушылардың пікірлерін ескеру қажет деп ойлайды. Бұл туралы ғалым Астанада  өтіп жатқан «Бұқаралық спортты дамытудың заманауи  үрдістері: проблемалар мен шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияның мәжіліс отырысында айтқан болатын.

Конференция қатысушылары спорт қоғамдық алаңда отанды қорғау, ұлттық мәдениетті қалыптастыру, халық ағарту ісі секілді жоғары ұмтылыстармен бір қатарда орын алатындығы туралы сөз еткен болатын.

Соңғы 20 жыл ішінде халықаралық спорттық аренада революциялық өзгерістер болды. Жыл сайын әлемнің көптеген мемлекеттері жоғары сатылы спортшыларды дайындаудың техникалық жағына ғана емес, бұл саланың ғылыми жағына да елеулі көңіл бөлуде.

«Өтіп кеткен онжылдықтармен салыстырғанда, әлемнің жетекші мемлекеттері жоғары білікті атлеттерді дайындаудың ұйымдастырушылық және ғылыми-әдістемелік негіздеріне бірдей көңіл бөледі. Бұндай саясаттың нәтижесі ретінде аталмыш елдер әлемдік спорттық сайыстарда жоғары көрсеткіш көрсетуде», - деп мәлімдеді В. Платонов.

Ғалым айтуына қарағанда, жоғары жетістіктер спортының дамуы мен бұқаралық спорт дамуының арасында тығыз байланыс бар. Бұл байланыс аталған салаларды өзара тиімді әріптестікте дамытуға мүмкіндік береді.

В.Платонов сөзін «Бұқаралық спорттың дамуы жоғары жетістіктер спорты дамуының негізі болып табылады. Бұқаралық спорт халықтың денсаулығын жақсартып, жан-жақты дамуына әсерін тигізіп қанай қоймай, балалар мен жасөспірімдер қатарынан олимпиалық резервті қалыптастыруда зор маңызы бар» деп жалғастырды.

Профессордың айтуына қарағанда, адамның салауатты өмір салтын ұстану қағидалары мектеп қабырғасында қалыптасуы қажет. Өйткені мектеп оқушылары қоғамның басқа топтарына қарағанда, дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуға деген жағымды көзқарасты қалыптастыруда ең тиімді объект болып, оны тіпті қажет ететін топ та болып табылады.

«Мектеп – ата-аналарының байлығы мен қоғамда алатын орнына қарамастан барлық балалар міндетті түрде өтетін әлеуметтік институт болып табылады. Бұл орайда оқушылардың дене шынықтыруға деген көзқарастарын, бұл көзқарастың динамикасы мен дене тәрбиесі сабақтарын жақсарту бойынша ұсыныстарын зерттеу ісі аса маңызды мәнге ие», - деп тәмамдады украиналық маман.

Астанада спорттық ғылым өкілдері мен тәжірибешілдер бұқаралық спорт дамуының ұлтты сауықтыру және жас ұрпақтарда патриоттық рухты қалыптастырудағы маңызын талқылап жатқандығын еске саламыз.

 

по материалам: www.mk.gov.kz