Қазақстан және Ресей 2014-2016 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық бағдарламасына қол қойды

27.10.2014 14:40 1403

 

27 қазан, 2014. Бүгін Сочиде (Ресей Федерациясы) ТМД мүше-елдері Мәдени ынтымақтастық кеңесінің XXIX отырысы және ЕурАзЭҚ Жаһандану комитетінің жанындағы Мәдениет кеңесінің  VIII отырысы аясында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында екі елдің 2014-2016 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық бағдарламасына қол қою рәсімі өтті.

ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы және РФ Мәдениет министрінің орынбасары, стат-хатшы Г.Ивлиев бағдарламаға  қол қою барысында мәдениет және өнер салаларындағы өзара тиімді әріптестік мәселелерін қарастырып, Қазақстан және Ресей халықтары арасында гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі қарай дамыту мен күшейту бойынша бірқатар шаралар кешенін жүзеге асыруға келісті.

Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Григорий Ивлиев Бағдарламаның өзара дос және одақтас мемлекеттер арасында одан да тығыз мәдени байланыстарды орнатудың негізгі құралы ретіндегі айрықша маңыздылығына тоқталып кетті.

Бағдарламаға сәйкес Қазақстан мәдени ведомстваның басшысы мен Ресей мәдениет министрлігінің өкілі екі мемлекет шығармашылық ұйымдарының арасында байланыстар орнатуда көмек, музыкалық ұжымдар мен орындаушылардың аталмыш елдер аумақтарында ұйымдастырылатын фестивальдар мен байқауларға қатысуда, екі тараптың киноөндірісіне ортақ жобаларды жүзеге асыруда кеңінен қолдау көрсетуге уағдаласты.

Сонымен қатар ынтымақтастық Бағдарламасында тарихи-мәдени мұраларды есепке алу, қорғау, қалпына келтіру, пайдалану және насихаттаудағы серіктестік, кітапхана және мұрағат ісі мамандарының біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылған.

Аталмыш құжаттың Минск қаласында жуырда Мемлекет Басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы туралы келісім негізінде ерекше мәні бар.

 

по материалам: www.mk.gov.kz