«Жібек жолындағы сұхбат» Халықаралық семинары Бурабайда өтеді.

29.08.2014 10:23 1687

«Жібек жолындағы сұхбат» Халықаралық семинары Бурабайда өтеді.

Бурабай ұлттық саябағында тамыз айының 26 мен 29 аралығында «Жібек жолындағы сұхбат» атты VІІІ Халықаралық семинар өтеді. Семинарға танымал ғалымдар, мәдениеттанушылар, депутаттар, жазушылар, қоғам қайраткерлері менен Орталық Азияның саясаттаушылары қатысады. Олардың ішінде: Қазақстан халқы Ассамблеясының орынбасары Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Оразалин мен Анатолий Башмаков, Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, және семинардың бастамашысы және тұрақты жүргізушісі Мұрат Әуезов.

Семинарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қазақстан халқы Ассамблея Әлеуметтік бірлестігі» қоғамдық қоры.

Халықаралық семинар о бастан Орта-Азия аймақтарының бірлігін нығайту, үздік интеграциялық идеяларды іске асырумен қатар жоғары рухани және адамгершілік тұрғыда жаңа тірек құру.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов Халықаралық семинардың аясында Қазақстан Республикасының мәдени саясат Тұжырымдама жобасын көпшілік назарына ұсынды. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың мәдени саясат Тұжырымдамасы бойынша қойған міндеттерді жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі тарапынан қолдау тауып, Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институты Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдама Жобасын қоғамдық негізде талқылау ұйымдастырып, оны іске асыруда көлемді дайындық кезеңдерін бастап кетті.  Осы орайда «Қазақстан Республикасының мәдени саясатын жүзеге асырудың негізгі ұстанымдары мен тетіктері» тақырыбы аясында 7 дөңгелек үстел Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Орал қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында өткізілді.

«Мәдениет пен мәдени потенциалды дамыту бүгінгі таңда әлем мемлекеттері мен халықтарының негізгі басымдылықтары болып саналады және олардың келешекте гүлденген қоғамға ұмтылуына үлкен әсер етеді. Қазір Қазақстан өзінің мәдени  кеңістігін нығайтуда көп мүмкіншілігі бар, әлемдік мәдени интеграцияның дамуына жаңа серпін бере алатын күшке ие» -деп атап өтті Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов.

«Жібек жолындағы сұхбат» Халықаралық семинары мемлекет пен аймақтың дамуына әсерін тигізетін ауқымды жоспарлар мен өзекті мәселелерді шешуде өзінің тиімді және көп нәтежие беретін ұйым екенін кезекті рет дәлелдеді.