Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Паразиялық ойындар мәресіне жетті

28.10.2014 00:00 1400

 2014 жылдың 24 қазанында Инчхонда (Оңтүстік Корея) Паразиялық ойындар өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы жеті алтын, алты күміс және он бір қола жүлдемен жалпыкомандалық есептің 11-ші орнына табан тіреді.

Қазақстан байрағын көкке көтеру күні ҚР Паралимпиялық комитетінің төрағасы Дархан Калетаев спортшылармен кездесіп, оларға аталмыш ойындарда жетістіктерге қол жеткізуде сәттілік тіледі.

Ойындарда мемлекетіміздің абыройын мүмкіндігі шектеулі 84 спортшы қорғаған болатын. Олар ел тарихындағы ең керемет жетістіктерге қол жеткізе білді.

Бұл орайда жүзуден сайысқа қатысқан отандық спортшыларымызды ерекше атап кеткен жөн. Қазақстанның жүзу құрама командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ілікті. Нақты алғанда, көру мүмкіндігі төмен жүзуші Ануар Ахметов қанжығасына үш алтын және екі қола жүлде байлап, Азия континентінің рекордтарын жаңартты. Дәл осы спорт түрінен додаға қатысқан Дмитрий Ли қоржынымызға Паразиядының екі алтын, бір күміс жүлдесін қоса білді.

по материалам: www.mk.gov.kz