Жібек жолын біріктіретін күш

05.09.2014 18:32 1866

Өткенде хабарлағанымыздай, «Бурабай» Ұлттық саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Жібек жолындағы сұхбат» сегізінші халықаралық саяси-мәдени семинар жобасы өткені белгілі.

Тұрақты түрде өтіп тұратын «Жібек жолын біріктіретін күш» семинары 2007 жылдан бері дағдыланған дәстүр бойынша тамыз айында өткізіліп келеді. Бірінші үш семинар Қазақстандағы этникалық қарым-қатынастарды үйлестіруге арналса, төртінші семинар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени байланыстың жандануын арналды. Бесінші және алтыншы семинар Орта Азия халықтарының этномәдени қатынастарын теңдестіруге, ал жетінші семинар Ұлы жібек жолындағы халықтардың соғысы мен бейбітшілігі жайлы сөз қозғалған болатын.

Міне тағы да жаңа кездесу. Ол Шучинск өзенінің жағалауында орналасқан Rixos Borovoe 5 қонақ үйінде өтті. Семинардың тақырыбы «Жібек жолындағы ықпалдасу үдерістері: өткені мен бүгіні және болашағы». Бұл жиын Орта Азия елдерінің қоғам қайраткерлері мен ғалымдарын мемлекетер мен аймақтар бойынша жан-жақты байланыс орнатуды қайта жандандырды.

Семинардың модераторы болып белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов болды. Жиын ашық, сенімді әңгіме түрінде өтті және бірқатар өзекті мәселелердің шешу жолдары қарастырылған болатын. Мұрат Мұхтарұлы осындай іс-шаралар барысында тәжірибелі модератордың рөлінің маңыздылығын көрнекі тұрғыдан көрсете білді.

Ол пікір таласты асқан іскерлікпен басқара отырып, сөз сөйлеушілерге  әдепті түрде баға беріп, айтылған сындарға да орынды түрде жауап берді.

Аталмыш іс шараның тағы бір ерекшелігі, Семей ядролық полигонының жабылуына тура 23 жыл толуымен сәйкес келуі мен «Невада-Семей» халықаралық ядроға қарсы қозғалысының 25 жылдығына сай келді. Бұл тақырып аясында да мамандар біраз мәселелерді көтерген еді.

Бір қуантатыны, «Жібек жолындағы сұхбат» жобасы жыл өткен сайын жаңарып, құрамы толығып келеді. Ғалымдар ХХІ ғасырда туындап отырған жаһандық мәселелердің шешімін, Жібек жолының философиясын зерттеуде. Осы секілді кездесулердің қорытындысы бойынша интелектуалды трендтер дүниеге келіп, халықтар достығын нығайтуда  үйлескен шешімдер қабылдайтын маңызды мәселелердің шешімі қабылданады.

Семинарға қатысушылар, Орта Азия елдерінің ықпалдасу мәселелері тұрғысынан ғана емес, саяси, әлеуметтік, мәдени, тарихи және діни тұрғыдан қарастырды. Мысалы, Тәжікстан Республикасы шығыстану Институтының директоры, философ, астрофизик Акбар Турсунов семинардың тақырыбын Мұрат Әуезов ұсынған тақырыптың қазіргі таңда өте өзекті екенін, әсіресе Орта Азияда тұратын ирантілді және түркі тілді халықтар үшін керек дүние екенін ерекше атап өтті.

Бұл халықтар арсында аспан күнде ашық болмаған. Ара-арасында қақтығыстар орын алып отырған – деп ол атап өтті. - Бүгінгі таңда мәдениеттің біркелкілігі, территорияларымыздың жақындығы, ықпалдастыққа ұмтылуымыз біздің ынтымақтастығымызға кепіл бола алмайды. Бірақ, Орта Азияда көптеген елдерге ұқсас ортақ ерекшеліктер: бір дін, ұқсас мәдениет және тарих. Егер бірігудің барлық жағдайлары қарастырылса, неге бұны пайдаланбаймыз?

Өзбекстандық саясаттанушы Фарход Толиповтың ойынша, ықпалдастық – бұл саяси тұрғыдан алғанда өте күрделі де қиын сұрақ. Бұл мәселе біздің аймақ бойынша әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді.   

Біздің клуб жыл өткен сайын өзін жақсы жағынан көрсетіп келеді. Бұл жерде, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, жазушылар, қоғам қайраткерлері, болашақ жайлы байыпты ойлайтын тұлғалар жиналған. Жақында осындай кездесулер нәтижесінде жақында бізде ажңа идеялар пайда болып, оларды бірігіп жүзеге асыратынымызға сенімдімін- деп атап өтті ол.

Осындай ықпалдасу идеяларын кездесуге келген өзге қатысушылар да атап өтумен қатар, нақты ұсыныстар айтылды. Тақырыпты талқылау барысында бәріне керегі ортақ идеяның туындауы еді. «Жібек жолындағы сұхбат» жобасының өзіндік ақпараттық алаңы болуы тиіс деген пікірлерде аз айтылмады. Қырғызстанның жазушысы және қоғам қайраткері Сұлтан Раев: «Біз белсенді түрде әрекеттестікте болуымыз керек, өйткені біз физикалық кеңістік бойынша жақынбыз, діліміз бен рухымыз өте жақын. Біз кімбіз? Қайдамыз? Біздің әрекетіміз бен қатынасымыздың мәні неде? Әлемдік кеңістіктегі алатын орнымыз қандай? Өзімізді әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қалай сақтап қала аламыз?

Бұл сұрақтар бүгін туындаған жоқ, бұрыннан өзекті болған тақырыптар. Бұл сұрақтарға жауапты біздің ата-бабаларымыз  Жібек жолы бойындағы керуендер арқылы тапқан. Жаһандық мәселелерге бізде лайықты жауап табатынымызға сенімдіміз.

«Жібек жолындағы сұхбат» жобасының қатарын жас ізденушілер уақыт өте келе толықтырып келеді. Олардан жаңа идея, жаңа ғылым мен үлкен үміт күтілуде. Жиынға қатысушы мамандар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Кітапханасы геосаяси және аймақтық зерттеулер және Қытайды зерттейтін бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері Руслан Изимовпен Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының директоры Андрей Хазбулатовтың баяндамаларын аса қызығушылық пенен тыңдады.

Руслан Изимов «Жібек жолындағы экономикалық белбеу» жобасы жаңа Пекин басшылығының тарапынан ықпалдық бірігу ме әлде жай ғана экономикалық бастама ма деген мәселеге жауап беруге тырысты. Қытайлық зерттеушілер бұл келесімнің бірнеше тиімді тұстарын атап көрсетуде. Ең әуелі, тұжырымның дамуындағы басымдылық. Евразиялық Одақ және америкалық «Жаңа Жібек жолы» жоспарларына қарағанда қытайлық нұсқа жан-жақты және Шығысқа, Батысқа, Солтүстік пен Оңтүстікті қамтитын жоба болмақ. Егер де бұл жоба даму жолына түсетін болса, шамамен 3 млрд. адамның өмірін жақсы жаққа өзгертпек. Оның ішінде: қаржылық ресурстар мен ыңғайлы географиялық жағдай. Соңғысы бұл – дәстүр. Аналитиктердің ойынша, тамыры тереңге жайылған Жібек жолының дәстүрін заманауи көлік инфроқұрымдарының көмегімен қайта жаңғыртуда Қытайдың барлық мүмкіндігі бар.

Ұлы жібек жолын қайта құру идеясын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдап, экономикалық құрылым мен көлік қатынасын дамыту тұрғысынан алғанда Қытай Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтқан болатын. Алайда,  кез-келген жобаның қаупі мен тәуекелі болады, сондықтан да біз ықшамдауымыз керек- деп атап өтті Р. Изимов.

Андрей Хазбулатов болса Жібек жолындағы ықпалдасу үдерістерін ҚР мәдени саясат Тұжырымдамасы негізінде қарастырып, мәдениет пен мәдени потенциалды дамыту бүгінгі таңда әлем мемлекеттері мен халықтарының негізгі басымдылықтары болып саналады және олардың келешекте гүлденген қоғамға ұмтылуына үлкен әсер етеді. Қазір Қазақстан өзінің мәдени  кеңістігін нығайтуда көп мүмкіншілігі бар, әлемдік мәдени интеграцияның дамуына жаңа серпін бере алатын күшке ие.

Осындай семинарлар тек қана пікір алмасу ғана емес, шешендік біліктілікті шыңдайтын және ақыл-парасатты шыңдайтын орта болып саналады. Қазіргі таңда ақыл-парасат ықпалдасу міндеттерін шешуде басты рөл атқаратыны анық.

Семинардың қорытындысы бойынша қарар қабылданды. Және қарардың жобасы бұрындары қарастырылмаған, тек пікір-таласқа дайындалған. Сол себепті, Ұлы жібек жолының күшін қайта біріктіру өзекті тақырыбы бойынша қатысушылардың тарапынан болған барлық ескертулер мен ұсыныстар қарастырылды.