Қарағандыда Қазақстанның мәдени саясатының тұжырымдамасы таныстырылды

03.11.2014 10:20 1460

Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына түсініктеме беру бойынша республикалық ақпараттық топтың жұмысы басталды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.

«Ақпараттық топ қазақстандық Стратегия-2050 мақсаттарын жүзеге асыру жолында жұмыстың кең ауқымын жүргізіп, қоғам күшін жұмылдыруға үлес қосуды жоспарлап отыр.Ақпараттық топ құрамына ұлттық экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, заң, ішкі істер, білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерінің қызметкерлері кірді. Олар облыстың әр аймағында өндіріс кәсіпорындарының жұымсшы ұжымдарымен, ауыл шаруашылығы жұмыскерлері, білім беру, мәдениет және өзге де әлеуметтік маңызы бар салалардың қызметкерлерімен кездесулер өткізеді», - делінген хабарламада.

Түсіндірме жұмыстар облыс орталығынан басталып, кездесулерде Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жыл сайынғы Жолдауында қамтылған мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттерді жергілікті деңгейде жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

«Құжат мәдениет саласындағы басқару жүйесін қалыптастыруда жаңа әдістер енгізуді ұсынады. Ол әдістер жеке кәсіпкершілік тарапынан инвестициялар, қаржылай қолдау көрсетуге шақыруды көздейді. Бұл мәдениет ұйымдарын басқарудың тиімділігін арттырып, саланың терең жаңартылуына септігін тигізеді», - деп түсіндірді министр.

Қазақстан мәдени саясатының Тұжырымдамасында мәдениет саласын қаржыландыруды реформалау, мемлекеттік мәдени-ағартушылық саясатын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру құралдарына өзгерістер енгізу, мәдениет және өнер саласындағы біліктілігі жоғары мамандардың жетіспеушілігін шығармашылық қызметкерлер мен жаңа буындағы басқарушыларды дайындау арқылы шешу бойынша бірқатар шаралардың кешені қамтылған.

Жаңа құжатта мәдениет қызметкерлері мен Қазақстанның шығармашылық ұжымдар мүшелерін әлеуметтік қамсыздандырудың өзекті мәселелері де қарастырылған: «Балет, цирк әртістерді, опера солисттерді, үрмелі аспаптарда ойнайтын орындаушыларды зейнеткерлікпен қамтамасыз ету мәселесі жыл сайып шиеленісе түсуде. Егер мәселені дәл қазір шешпейтін болсақ, алдағы уақытта бұл өнер түрлерінде кадр жетіспеушілігі мәселесімен кездесетін боламыз. Қазіргі уақытта орта және жоғары хореографиялық оқу орындарында абитуриенттер санының кеміп отырғандығы белгілі», - деді ведомства басшысы.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті жанында Әдебиет және өнер жөніндегі Ұлттық кеңес пен Қазақстан Республикасының мәдениет саласына жауапты мемлекеттік органында салалар бойынша шығармашылық кеңестердің құрылуы көзделген. Бұл кеңестер мемлекеттің мәдени саясатын жүзеге асыры мәселелері боцынша кеңесші орган қызметін атқаратын болады.

 

Ақпарат дерекнамасы – strategy2050.kz