Мәдени эволюция

03.11.2014 09:14 1992

Біраз уақыт бұрын біздің газетімізде жаңа бейінді министрліктің бастамасымен қолға алынған ҚР мәдени саясат Тұжырымдамасы жобасы негізінде пікірталас өріс алған болатын. Бүгін біз Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының директоры, аталмыш жобаның жетекшісі Андрей Хазбулатовпен әңгімелесудеміз.

- Андрей Равильевич, сіз Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институты басшылығына келгеніңізге көп уақыт болған жоқ. Сіздің алдағы жоспарыңыз қандай?  Сіздің ойыңызша, еліміздегі мәдени үдерістердің дамуына институттың қызметі әсер ете алама?

- Мен жаңа қызметке тағайындалған кез институт ұжымының мәдени саясат Тұжырымдамасы жобасын құру уақытына сәйкес келген болатын. Бұл еліміздің мәдениет саласының даму стратегиясын 2050 жылға дейін анықтайтын құжат болып табылады. Бұның басты ерекшелілігі қазақстандық мәдениеттің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жиырма жылда жиналған тәжірибесі көрсетілмек. Соның ішінде,  Тұжырымдамада гуманитарлық салалардың рөлдері жайлы, көркемдік білім беру: ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапаларын арттыру мәселелері қарастырылған. Тұжырымдама жоспарында белгіленген гуманитарлық бағыт бойынша ғылыми-зерттеу институттарының инфроқұрылымдарын құрғаннан кейін олардың қоғамдағы рөлі анықтала түсетініне сенемін. Біздің институтымыз осы үдерістің ерекше қозғаушы күші болатынына сенімдімін. Одан бөлек, мен бұл тұжырымдаманың іске асуы өз алдына ерекше жаңалық екенін айтқым келеді. Яғни, мемлекет мәдениетке айрықша көңіл бөліп, біздің еліміздің мәдени шамасының көтерілгендігін және біздің алға қойған мәдени-экономикалық, саяси, халықаралық ортаға сай негізделгенін байқаймыз. Шындығын айтқанда, бұрындары біз қалай күн көреміз деп келдік, енді мәдениетке де ерекше көңіл бөлуіміз керек.

- Қоғамдық тұрмысты жан-жақты дамытатын негізгі мәдениетпе?   

- Ия, дұрыс айтасыз. Бұл аксиома.

- Отандық басылымдардың бетінде оқырмандардың заманауи өнерді бағдарлай алмауының себебі біздің елімізде көркемдік сынның дамымағандығын көтеріп жүр.

- Сын кез-келген шығармашылық үдерістің бөлігі, өзіндік камертон. Ол көрерменге де, жасаушыға да керек дүние. Сынсыз қалай? Көркемдік сын - бұл дамуды қажет ететін тұтас бағыт. Ол Тұжырымдамада да кездеседі. Менің ойымша, көркемдік сынды өнерге деген қызығушылықтары бар біздің замандастарымыз қалыптастырады.

- Қазіргі таңдағы заманауи өнер адамдарының біразының еңбегі ескеріліп, кейбіреуінің еңбегі ескерілмей қалуы да мүмкін бе?

- Өкінішке орай, әлемдік мәдениеттің тарихына қарап отырсақ, көптеген ғұламалар өз бағасын лайықты түрде ала алмаған. Сонымен қатар, бұл өмір сүріп отырған қоғамға да байланысты, өзінің зиялыларын, ақындары мен суретшілерін бағалай алуында. Егерде шығармашылық адамдарының еңбектері ескеріліп, қоғам тарапынан қолдау көрсетіліп жатса, онда олардың өз саласына деген қызығушылықтары арта түсетіні анық. Тұжырымдаманың жағдайы келсек, мәдениетке жеке қаржы көздерін тартып, талантты, шығармашылық адамдардың кеңістігін нығайта түсуіміз қажет. Егерде ертеңгі күні қазақстандық бизнес заңды түрде салықтық жеңілдік пен кепілдікті алатын болса, мәдени жобаларды қаржыландыратын кәсіпкерлер табылады. Бұл жағдайда қоғам да, мәдениетте ұтады.

- Бұл шығармашылық пен бизнес-ортада талқыланып, ұзақ уақыттан бері өзекті болып келе жатқан меценаттық және демеушілік туралы заң ба?  

- Ия. Тұжырымдамада отандық мәдениетті жан-жақты қолдау үшін арнайы жаңа заңдар құру қарастырылған. Бұл заңдар меценаттық, кино және өзге құрылымдарға арналған.

- Сіздің ойыңызша, кино жайында заң қабылдасақ, біз киноматография саласында жетекші державаға айналамыз ба?

 - Біз онсыз да державамыз. Бізде «Қазақфильм» атты ірі киностудиямыз бар. Одан бөлек, бізде сериялдар түсіретін жеке-меншік студиялар мен телеарналар саны күн өткен сайын артып келеді. Өнер академиясы кино мамандығы бойынша – режиссер, аниматор, операторларды дайындауда. Бізде көптеген халықаралық кинофестивальдар өтеді. Одан бөлек біздің фильмдер шетелдік беделді кинофестивальдарға қатысып, жүлдегер атануда. Мен сіздің қойған сұрағыңыздың мәнін түсінемін. Голливуд пен Болливудтың дәуірі жүріп тұрғандықтан, көптеген ұлттық кинематографияларды жан-тәнімен жұмыс істеуге мәжбүрлеуде. Әрине, мен бір ғана кино туралы шығатын заң барлық мәселеге кепілдік береді деуден аулақпын. Бірақ, бұл заң кинематография саласын дамытуға қызығушылықты арттыратынына сенемін. Бұл дегеніміз, болашаққа оптимизммен қарау болып саналады.

- Яғни сіз, оптимистік көңіл күйдесіз ғой?

- Солай деуге де болады. Біздің институттың көптеген қызықты жобалары бар және біздің ұжымымызда білікті мамандар жинақталған. Біз біліктітікті арттыруды қолға алдық. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық жобалар бар. Қазіргі таңда институт мәдениет және спорт Министрлігімен тығыз байланыста. Осылайша біздің алға қойған мақсаттарымыз орындалады деген сенімдеміз.

 

Ақпарат дерекнамасы – http://camonitor.com/