Мәдениет және спорт министрі - жақын арада мәдени саясат Тұжырымдамасы көпшілік назарына ұсынылады

25.09.2014 10:17 1524

«Қазіргі уақытта Үкіметте мәдени саясат Тұжырымдамасы бойынша қаулы шықты. Бір айдың көлемінде ол жұртшылыққа таныстырылатын болады-деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы.

Сонымен қатар отырыс барысында министр репертуарлық Басқару саясатын құру жайында сөз сөйледі.

«Репертуарлық саясат аясында біз әр театрға репертуарды ұйымдастырып, бекітеміз. Бұл шығармалар шетелдік және отандық классиктерді танымал етеді»-деп атап өтті министр.

Отандық спектакльдердің авторларының басым бөлігі қазақ театрларында қойылады, орыс театрларында қойылатын репертуарлар 15%-дан аспайтынынын министр тілге тиек етті.

Отырыс барысында министр Қазақстанның мәдени саясат Тұжырымдамасы бойынша бірқатар ұсыныстарды тыңдады. Қатысушылардың тарапынан Тұжырымдамаға әдебиет пен өнерді дамыту бойынша Ұлттық кеңесті құру мәселесі ұсынылды.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясы аясындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселесі бойынша «Мирас» Қоғамдық кеңесінде Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының өкілдерінің қатысуы мен видеоконференция өтті. Күн тәртібінде мәдени нысандардың жағдайы мен мәдени саясатты жүзеге асырудың мәселелері қарастырылды.

Дереккөз -  nurotan.kz