Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің орынбасары тағайындалды

04.11.2014 00:00 1359



2014 жылдың 3 қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен  Ғалым Ахмедьяров ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Ғалым Ахмедьяров 1995 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын, 2001 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Музыкалық өнер» мамандығының аспирантурасын тәмамдады.

Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ әуендері» АҚ басқарған Ғ. Ахмедьяров  «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2010), «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2004), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты болып табылады.

Жаңа вице-министрдің қарамағына мәдениет және өнер, білім беру және ғылыми қызмет, халықаралық ынтымақтастық пен архив ісі салалары кіреді.

по материалам: www.mk.gov.kz