Қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының алғашқы оқырман билеттері табыс етіледі

05.11.2014 00:00 1325

 

5 қараша, 2014. Астана. Қазақстан Республикасының Елордасында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Кітапханасы сайтының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Бұл шараға арналған баспасөз мәслихатында қараша айында кітапхананың алғашқы оқырман билеттері ҚР Парламенті депутаттарына табыс етілетіндігі хабарланды.

Сонымен қатар www.presidentlibrary сайтының тұсаукесері кезінде кітапхана қызметкерлері жылдың аяғына дейін жаңа кітап ордасының ұйымдастыруымен өтетін шаралар аңдатпасын жария етті.

Кітапхана 2014 жылдың соңына дейін «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру аймағы» тақырыбындағы «дөңгелек үстел», «Тұңғыш-Первый» атты документалды кино жұмалары, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысының Назарбаев интеллектуалды мектептерінде өтетін «Біздің Президент» кітабының тұсаукесері, жас ғалымдар мен қоғамтанушы мұғалімдерге арналған тренинг-семинарлар ұйымдастырмақшы.

по материалам: www.mk.gov.kz