Google Maps электрондық картасына Ұлытаудың толық карт-құрылымы енгізіледі

06.11.2014 00:00 1588

 

6 қараша, 2014. Астана. Google Maps ғаламдық карта жүйесіне Ұлытаудың карт-схемасы енгізіледі. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

2014 жылдың 11 және 23 тамызы аралығында Қазақ ұлттық географиялық коғам экспедициясының мүшелері Ұлытауға сапар шеккен болатын. Экспедицияға археолог-тарихшылар, географтар, биолог, ботаник, туризм саласының мамандары, сондай-ақ ауадан жаңа археологиялық объектілерін іздестіру мен аймақты карталау жұмыстарын жүргізген пилотсыз ұшу аппараттарының операторлары қатысты.

Қазіргі уақытта экспедицияның алғашқы қорытындылары жасақталып, картаны дайындау жұмыстарына әзірлік жүріп жатыр.

Толығырақ: http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/podrobnaya-karta-shema-ulyitau-budet-zanesena-v-Google-Maps-264635/

по материалам: www.mk.gov.kz