Алматыда ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты басталады

08.11.2014 00:00 1435

 

8 қараша, 2014. Алматы. Бүгін Қазақстанның оңтүстік астанасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты басталады. Ауыр атлетика әлемінің жыл оқиғасы посткеңестік мемлекеттер аймағында алғаш рет өткізіліп жатқандығын ескерткен жөн.

Аталмыш жарыстарда әлемнің 72 мемлекетінен келген 538 спортшы A, B, C, D топтарында додаға түседі. Спорттық сайыс жеңімпаздарына  2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға лицензиялық жолдамалар табысталатын болады.

2013 жылы Польшаның Вроцлава қаласында өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 1 күміс (Алмас Утешов, 94 кг) және 1 алтын (Владимир Седов, 94 кг) жүлдені қанжығасына байлап, жалпыкомандалық есепте алтыншы орынға табан тіреген болатын. Қазақстан әлем чемпионатының ең жарқын жетістіктеріне 9 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде ұтып алған 2009 жылы Қоянда (Корея) ұйымдастырылған додада қол жеткізген еді.

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Спорттық жекпе-жек конфедерациясының және демеушілердің қолдауымен өткізіліп отыр.

по материалам: www.mk.gov.kz