Астанада «Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының материалды емес мәдени мұрасын зерттеу мәселелері: топонимикасы, эпиграфикасы, өнері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

21.11.2014 10:33 1631

2014 жылдың 18 қарашасында Астанада «Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының материалды емес мәдени мұрасын зерттеу мәселелері: топонимикасы, эпиграфикасы, өнері» атты Халықаралық конференция жұмысын бастаған болатын. Конференция Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының «Көшпелілердің тарихын, археологиясын, этнографиясын, мәдениеті мен өнерін зерделеу бойынша ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу» атты жобасы аясында өтті. 

Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының құрылғанына 80 жыл толуына арналды. Әр жылдары институт қабырғасында ғылым мен мәдениет саласының майталмандары, қазақ халқының айтулы ұлдары: Сәрсен Аманжолов, Ахмет Байтұрсынов, Санжар Асфендияров, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов пен Құдайберген Жұбановтар және т.б. ғалымдар қызмет атқарды. 

 

Конференция жұмысына көрнекті қазақстандық ғалымдар: Ерофеева Ирина, Рогожинский Алексей, Марат Сембі, сондай-ақ археология, тарих, өнертану салалары бойынша шетелдік жетекші мамандар қатысып, өздерінің баяндамаларын оқып, ғылыми көзқарастарын білдірген болатын.

Ғылыми-тәжірибелік отырыс барысында сарапшылар қазақстан ғылымындағы көптеген ауқымды мәселелерді жан-жақты талқылап, отандық археология, тарих және мәдениет салаларының алдағы уақытта даму бағыттарын айқындады.