Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық ¬Өнер Академиясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

21.11.2014 18:13 1618

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының Бас директоры Андрей Хазбулатов пен Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының Бибігүл Нүсіпжанова өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Қол қойылған құжат бойынша Қаз ҒЗМИ мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы арасында білім беру, зерттеу, ғылыми-методикалық, ақпараттық және қоғамдық қызметтер негізінде тығыз қарым-қатынас орнату көрсетілген. 

Қаз ҰӨА-ң тарихы 1955 жылдан бастау алады. Ол кезде Құрманғазы атындағы өнер Институтында (қазір Консерватория) театр факультеті болып ашылған еді. 1977 жылы оның базасында Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институты (АМТКИ) құрылды. Бірінші ұйымдастырушы және оқытушы болып Г. Жанысбекова (1978-1985жж.) болды. Одан бөлек институт қабырғасында отандық мәдениет пен өнер саласының айтулы өкілдері: А. Тоқпанов, Р. Қаныбаева, Г. Рутковская, Т. Наурызбаева, А. Құлбаев, Д. Тұранқұлова, М. Омарбаева, Е. Сегізбаев, Д. Сулеев, Ж. Қапесов, Д. Арынғазиева, Г. Жұмағалиева және т.б. Т. Жүргенов атындағы Қаз ҰӨА-сы көркемөнер, мәдениет және өнер салалары бойынша жоғары білім беретін, ғылыми кадрлар мен жоғары білікті мамандарды дайындайтын ірі оқу орталығы болып табылады.