ЮНЕСКО-ның тізіміне күй мен киіз үй қосылды.

29.11.2014 13:32 1612

ЮНЕСКО-ның материалды емес мәдени мұрасы тізіміне домбырамен ойналатын қазақ күйлері мен қазақ және қырғыз киіз үйлерінің дайындалу дағдысы кірді. 

Қазақ күй өнері мен киіз үйі әлемдік беделді тізім қатарына қараша айының 26-да ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб квартирасында қабылданды. Бұл туралы «Мәдени ықпалдастықтың келешегі мен үрдісі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Алматыдағы ЮНЕСКО бюросының өкілі Юрий Пешков мәлімдеді. Оның айтуы бойынша бұл тізімге Қазақстан тарапынан материалды емес мәдени мұра бұрын соңды тіркелмеген.