Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Жазира Жаппарқұл күміс медаль иеленді

14.11.2014 00:00 1557

 

14 қараша, 2014. Астана. Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 69 келі салмақ санатында «А» тобында өнер көрсеткен Жазира Жаппарқұл 262 (118+144) ұпаймен күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Алтын медаль қоссайыста 265 ұпай (120+145) жинаған солтүстік кореялық Ро Ын Хидің еншісінде. Қола медальді 261 ұпайды еншілеген қытайлық Чен Ю Джан (118+143) иеленді.

Жазира серпе көтеруде 144 кг көтеріп кіші күміс медальді қанжығасына байлады. Оған дейін жұлқа көтеруде үшінші орынға тұрақтап, кіші қола медальге қол жеткізген болатын.

Бұл салмақ санатында алғаш өнер көрсеткен Майя Манеза 231 ұпаймен (105+126) 8-орынға тұрақтады. Ол спорттық алаңға екіжылдық үзілістен кейін шыққан болатын.

по материалам: www.mk.gov.kz