Қазақстандық спортшылардың ауыр атлетикадан Әлем чемпионатындағы жаңа жетістіктері

15.11.2014 00:00 1406

 2014 жылдың 14 қарашасында Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар Жасұлан Қыдырбаев пен Владимир Седов отандық құрама қоржынына жаңа жүлделер салды.

Жасұлан Қыдырбаев біріншіліктің 94 кг дейін салмақ категориясында қанжығасына алтын жүлде байласа, нақ осы салмақ категориясының Владимир Седов күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Алдымен Седов жұлқи тартуда грек Акакиос Какиашвилисудың әлімдік рекордын қайталап, 188 кг көтеріп жеңімпаз атанса, Қыдырбаев осы сайыс түрінде 179 кг көтеру арқылы үшінші орыннан көрінді.

Кейін, итере көтеруде Седов 215 кг бастады. Алайда бұл салмақ Владимирге бағынбай қалды. Екінші талпыныста Седов 219 кг көтеріп, нәтижесінде 407 кг ұпай жинады. Қыдырбаев 215 кг сәттілікпен бағындырып, екінші талпыныста 221 кг да көтеріп алды. Кейін, үшінші талпыныста Жасұлан 229 кг салмақты бағындыру арқылы Седовтан 1 кг басым түсті.

22-жасар Жасұлан Қыдырбаев ересектер арасындағы Әлем чемпионатына алғаш рет қатысып жатқандығын ерекше атап кеткен жөн.

по материалам: www.mk.gov.kz