Астанада «Мәдени жаһанданудың тенденциялары мен келешегі» Халықаралық конференциясы өтуде

27.11.2014 00:00 1526

 27 қараша, 2014. Астана. Бүгін «Мәдени жаһанданудың тенденциялары мен келешегі» ғылыми-зерттеу жобасының жүзеге асырылуына арналған Халықаралық конференцияның ашылуы өтті. Конференция Қазақстан және алыс-жақын шет мемлекеттердің өнертану, археология, тарих, ғылымы мен мәдениеті саласындағы көрнекті қайраткерлерінің басын қосты.

Конференцияның пленарлық отырысы-ашылуы рәсіміне қазақстандық және шетелдік эксперттармен қатар ҚР мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уәлиев, ҚР Ұлттық музейінің директоры Д. Мыңбай, ҚР мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры А. Хазбулатов, ЮНЕСКО кластерлік бюросының маманы Ю. Пешков, түрктанушы-ғалым Э. Визинтайнер, Матенадаран (Армения) директорының кеңесшісі А.Хзмалян, Колумбия университетінің профессоры Р. Абазов, Қазақ ұлттық өнер Академиясының ректоры Б. Нүсіпжанова қатысты.

Конференция қатысушылары айтып өткендей, әлемдік мәдени кеңістікке қосылу отандық мәдениеттің шетелде кеңінен таралуына, отандық және әлемдік мәдениет мақсаттары мен міндеттерінің жақындасуына, мәдени, ғылыми бағдарламалар және жобалармен алмасуға мүмкіндік береді. Бұл орайда Қазақстанның шет мемлекеттердегі имиджін асқақтату мақсатында отандық мәдениетін насихаттау қажеттігі туындайды.

Сонымен қатар конференцияда мәдениеттің қазіргі заман жаһандану үрдістерімен өзара байланысты теориялық және практикалық мәселелері, Қазақстан мәдениетінің саяси бағдарға, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық құрылымына, шығармашылық мұралары мен рухани потенциалына сәйкес өзекті мәселелері талқыланды.

Аталмыш шара мемлекетіміздің алдыңғы қатарлы ғылым және мәдениет ордаларының қатарына жататын Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының 80-жылдығының қарсаңында өткізіліп жатқандығын еске саламыз.

по материалам: www.mk.gov.kz