Еліміздің алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына 80-жылдық мерейтойын тойлауда

27.11.2014 00:00 1513

27 қараша, 2014. Астана. Қабырғасында әйгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, қазақ ғылыми және мәдени интеллигенцияның өкілдері талдымсыз еңбек еткен Қазақстанның ең алғашқы ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына (ҚазҒЗМИ) биыл 80 жыл толып отыр. Бұл туралы бүгін әлемнің мәдениет, археология және тарих саласының жетекші мамандарының басын қосқан «Мәдени жаһанданудың тенденциялары мен келешегі» Халықаралық конференцияда ҚазҒЗМИ-дің бас директоры Андрей Хазбулатов хабарлаған болатын.

1934 жылы құрылған осы алдыңғы қатарлы осы ғылыми-зерттеу орталығының құрамында түрктанушы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Сәрсен Аманжолов, Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынов,  Санжар Асфендияров, ағартушы Құдайберген Жұбанов, ғалым Қоңырқожа Ходжиков, қазақ әдебиетінің классигі, ғалым Мұқтар Әуезов, түрктанушы Исмет Кеңесбаев секілді қазақ халқының ұлы даналары қазақ мәдениетін, тарихы мен этнографиясын зерттеумен, ұлттық фальклорын жинау және жүйелендіру жұмыстарымен айналысқан болатын.

Сонымен қатар Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ұзақ жылдар бойғы тарихы көрнекті ғалым, мәдениет қайраткерлері Советқазы Ақатай, Мұрат Әуезов, Асқар Тоқпанов және Мұрат Балтабаев есімдерімен байланысты.

Бүгінгі таңда аталмыш ғылыми-зерттеу ордасы еліміздің жетекші зерттеуші және жобалаушы ұйымдарының бірі болып табылады. Институт Елбасының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан мәдени саясатының тұжырымдамасын жасақтады. Бұл Тұжырымдаманы жасақтау жұмыстарына шығармашылық одақтар, мәдениет және өнер қайраткерлері, көрнекті отандық мамандар мен шетелдік кеңесшілер атсалысты. 

«Институтымыз жүргізетін жұмыстардың басты бағдары – қазақ және өзге ұлттардың өзіндік ерекшелігі бар төл мәдениетін, мәдени мұрасын сақтап қалу, әдебиет және өнердің барлық бағыттарының дамуына қолдау көрсету, кәсіби шығармашылық қауымдастықтың креативтік қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін жағдайды қалыптастыру, қазақстандықтар мен шетелдік туристтердің отандық мәдениетімізге назарын аудару болып табылады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында институт ұзақ мерзімді Қазақстан мәдени саясатының Тұжырмдамасын жасақтап, оны жүзеге асыру жұмыстарымен айналысады», - деді Андрей Хазбулатов.

Мәдениет және ғылым мекемесі қарамағындағы ғылыми-зерттеу жобалар Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер салаларының одан әрі қарайғы жан-жақты зерттелуі мен дамыуына зор үлесін қосуда.

по материалам: www.mk.gov.kz