Астанада "Шаңырақ" Республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

28.11.2014 00:00 1483

27 қараша, 2014. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы  республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының  жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Аталған салтанатты кешке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдение орталықтардың жетекшілері және танымал журналистика өкілдері қатысты. Аталған жобаға биыл республика көлемі бойынша 70 аса өтініш келіп түсті.

Конкурстың мақсаты этносаралық салада қызмет ететін журналистерді ынталандыру арқылы қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту. Сондай-ақ, қоғамдағы этносаралық келісімді және Қазақстан халқының бірлігін нығайту, этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық үндестік саласындағы мемлекеттік саясаттың жетістіктерін жария ету, Қазақстанда өмір сүретін қазақ халқы мен этностардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін  насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақстандық этножурналистиканы дамытуға ықпал ету, этносаралық келісім тақырыбын жариялаудағы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен жауапкершілігін арттыру.

Әділқазылар алқасы сайыста I, II, III орын алған үздіктерді 5 номинация бойынша анықтаған болатын.

«Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Татьяна Жандильдина жеңімпаз атанды. (Нағашыбай Қабылбек - 2 орын, Қыдырбек Абдрахман – 3 орын).

«Қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік рәміздердің рөлін насихаттау бағытындағы үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша  Ернұр Нұрғалиев жеңімпаз атанды (Ярослав Красиенко- 2 орын, Альфия Сабитова).

«Этномәдени орталықтар қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Гүлмира  Жандыбаева жеңімпаз атанды (Михаил  Парипса -  2 орын, Алиса  Масалева– 3 орын).

«Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға бағытталған үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Малика Галиева жеңімпаз атанды (Айгуль Биданова – 2 орын, Дария Жұмадилова – 3 орын).

«Мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалалар,  теле-, радиобағдарламалар» номинациясы бойынша Нұрбек Әмиша жеңімпаз атанды (Жанар Сайлаубекқызы – 2 орын, Құрманғали Нұрғалиев – 3 орын).

Салтантты кештің қорытынды сөз тізгіні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің комитет төрағасының орынбасары В. Порубаймехке берілді. Ол өз кезегінде байқаудың маңызын тілге тиек ете отырып, жеңімпаздарды құттықтады. Кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған депутаттар мен беделді тұлғалар барлық қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді. Ұйымдастырушылар биылғы  Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған «Шаңырақ» байқауының  деңгейі көңіл қуантарлық деп отыр.

Байқаудың «Этномәдени орталықтар қызметін түсіндіру жөніндегі үздік мақалалар, теле-, радиобағдарламалар» номинациясының екінші орын иегері М. Парипса айтып кеткендей, өткізілетін осындай шаралардың Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің күні мен Тәуелсіздік күнінің қарсаңында өткізілуі республиканың әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірін көрсетуде ғана емес, Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этностардың өмірі, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын көрсетуде айрықша мәнге ие.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы туралы жазатын, көрсететін және айтатын адамдардың арқасында мемлекетіміздегі түрлі этнос өкілдерінің арасындағы татулық, келісім мен достық қарым-қатынастарды күшейтудің қазақстандық үлгісі әлемде ерекше қызғушылық шақырады. Мәдениет министрлігінің бүгінгі шарасы бүкіл қазақстандық қоғамда ерекше орын алатын халық бірлігі жайындағы байқаудың қорытындылады», - деді М. Парипса.

Байқау жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар (планшеттер) мен  дипломдар табысталды. Кеш барысында Қазақстан этномәдени орталықтарының өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.

по материалам: www.mk.gov.kz