Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ғылыми ұжымды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтайды!

02.12.2014 19:12 2040

Шын көңілден сіздерді мемлекеттік мейраммен – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтаймыз! Тарихта дәл осы күні Тұңғыш Президент сайланды және Қазақстан Республикасының президент институты қалыптасып, біздің мемлекетіміздің барлық даму үрдісіне зор ықпал еткен еді.

Бұл мейрам көпұлтты Қазақстанның ортақ мерекесі, Қазақстан Республикасының жалауы көтеріліп, ғасырлар бойы халқымыздың аңсаған  армандарының жүзеге асқан күні.

Тұңғыш Президент Күні – бұл тарихи таңдау Күні, Қазақстан халқының тұтастығы мен бірлігі Күні. Қазіргі таңда Қазақстан әлемді мойындатқан, барлық мемлекеттер мен тату-тәтті өмір сүріп, барлық салада үлкен табыстарға жеткен мемлекет.

Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында, Қазақстан Республикасы аймаққа ықпал ететін ірі орталыққа айналды. Біздің еліміз ұлтаралық бейбітшілікті сақтап, экономикасы қарқынды дамып, көптеген мемлекеттерге үлгі болып отыр.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты сіздерге зор байлық, мықты денсаулық, бақыт тілейді!

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы тек қана өркендеп, іргесі биік болып, бақыттың ұшар шыңынан көріне берсін. Әрқашан Қазақстанның аспаны ашық болсын.

Біздің барлық бастаған жұмысымыз жемісті болып, болашағымыз жарқын болғай!